"Біз қытайлық Hunan TV арнасымен келісімшартты рәсімдедік. Шоу өте қызықты болады. Себебі оған үздік режиссерлер тартылуда. Қазіргі кезде біз эстрадалық-симфониялық оркестрді жасақтадық. Дирижерді де анықтап қойдық. Ал Димашпен бірге ән айтатын әртістер туралы әзірге ештеңе айта алмаймын. Өйткені келісімшарт талаптары нақтылануда", - деді Мұxамедиұлы бүгін журналистерге берген сұxбатында.
Министрдің айтуынша, Димаш Құдайбергеннің гонорары аз болмайды. "Әншілердің гонорарлары туралы айтар болсам, олардың деңгейлеріне қарай гонорар көлемі белгіленеді. Мәселен, бас әншісінің гонорары деңгейіне сәйкес жоғары болады. Димаштың гонорары қанша болатындығын да жария ете алмаймын. Бұл әншінің жеке мәселесі екендігін білесіздер. Димаш сияқты жас әнші үшін 30 мың орындық стадионды толтырудың өзі үлкен жетістік", - деп атап айтты министр.