Концерттен кейін Димаштың жанкүйерлері Weibo әлеуметтік желісінде шараны ұйымдастырушылардың Димаштан кешірім сұрауын талап етті.
Жанкүйерлердің айтуынша, сахнадағы үлкен LED-экранда Димаштың қытайша жазылған аты 迪玛西(迪玛希)деп қате жазылған. Сондай -ақ, олар әншінің музыканы естуге арналған наушнигі мен әуен минусовкасында ақаудың болуы және экрандағы ән сөзінің дұрыс көрінбеуі сияқты келеңсіз жәйттер шараны ұйымдастырушылардың шалағайлығынан деп отыр.
Айта кетерлігі, концертке Димаштың жанкүйерлері көптеп жиналды. Сонымен қатар видео-хостингінде Димашы шырқаған әндердің көрсетілімі ең жоғары болды.