АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Нарғыз Жанұзақова Испанияда өткен «Tu Onda» байқауында Гран-при жеңіп алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Жас өнерпаз аталған халықаралық байқаудың бас жүлдесіне ие болды.
«Испанияның Малага қаласында өткен конкурс кезінде өзіме көп дос таптым. Бұл конкурста Испанияның жас өнерпазы Гильермо да бас жүлдені жеңіп алды. Ол пианинода керемет ойлайды. Бұл мен үшін естен кетпес сапар болды», - деп жазды Нарғыз Жанұзақова өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында.
Айта кетсек, Нарғыз Жанұзақова «Бақытты бала» жобасының алғашқы жеңімпазы және ол Димаш Құдайбергеннің Лондондағы концертінде ән шырқады.
Алтынай Сағындықова
2001-2006 ж.ж. Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетін тәмамдады. Мамандығы - журналист. Еңбек жолын 2006 жылы "Kerek.info" қоғамдық-ақпараттық газетінен тілші болып бастап, шеф-редактордың орынбасары, шеф-редактор болды. Әртүрлі жылдары "Айқын" қоғамдық-саяси газеті, Bnews.kz, Aktobenews.kz тілші қызметін атқарды. 2017 жылдан бастап Kazinform агенттігінің Ақтөбе облысындағы меншікті тілшісі.