Концерт Қазақстанның АҚШ-тағы мәдениет күндері аясында ұйымдастырылып отыр.
«Arnau tour ENVOY» - маусым айында «Қазақстан» РТРК» АҚ ұйымдастыруымен Нұр-Сұлтан қаласында өткен «ARNAU» концертінің жаңарған нұсқасы. Әлем тыңдармандары бұл кеште жаңа бағдарламамен қатар, «ARNAU» бағдарламасының үздік нөмірлерін көретін болады.
Концерттің телевизиялық нұсқасының көрсетілім уақыты қосымша жарияланады.