Димаштың жаңа әні жарыққа шықты
10:11, 17 Шілде 2019
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат
- Әлеуметтік желіде Димаш Құдайбергеннің
телетоптама саундтрегіне арналған жаңа туындысы жарияланды, деп
хабарлайды ҚазАқпарат.
«Бүгін менің телетоптамаға арналған жаңа саундтрегім жарық көреді», - деп жазды әншінің өзі Instagram парақшасында.
Couldn't Leave (Кете алмадым) әнін тыңдармандар сәл кейінірек тыңдауға мүмкіндік алды. Ал «ВКонтакте» желісіндегі Димаш Құдайбергеннің Еуразия фан-клубы әннің мәтінін орыс тіліне аударып жариялады.