Дін басшылары съезінде адамдарды діни көзқарасы үшін қудалау мәселесі бойынша арнайы секция ашу қажет - Адам құқықтары ұйымы
Осыған орай Әлемдік және дәстүрлі діндер басшыларының съезінде осы мәселеге арналған бөлек секция болуы тиіс. Бүгін Астанада өтіп жатқан Әлемдік және дәстүрлі діндер басшыларының III съезі аясындағы «Дағдарыстар кезіндегі ынтымақ» секциясында сөз сөйлеген Дін және сенім бойынша адам құқықтарын қорғау ұйымының президенті Джонатан Ипкин осындай ұсыныс жасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Оның айтуынша, бүгінгі таңда Солтүстік Корея және Бирма елдерінде адамдарды діни көзқарастарына қарай қудалау жағдайлары орын алып келеді. «Иә, олардағы мемлекеттік жүйеде ондай іс-шаралар қарастырылған. Сол себепті біз осы мәселеге немқұрайды қарамай, оны ашық талқылауға салуымыз қажет. Бұл өте маңызды мәселе. Меніңше, Әлемдік және дәстүрлі діндер басшыларының съезінде осы мәселені талқылауға арналған бөлек секция ашу қажет», - деді Д.Ипкин.