«Шынымен де біздің блогқа бір азамат басшысының оған діни мазмұндағы SMS-хабарламаларды жіберетініне қатысты сауал келіп түсті. Ол өз кезегінде бізден бұл хабарламаларға баға беруді, яғни онда экстремистік мазмұнның бар-жоғын анықтап беруімізді өтінді», - деді ҚР Дін істері агенттігінің төрағасы Марат Әзілханов ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте.
Белгілі болғандай, бұл сауалдан кейін агенттік мамандары тиісті қорытынды шығарған. «SMS-хабар христиандық мазмұндағы қағидалық мәтінге қатысты болды, яғни онда Інжілдің үзінділері мен қасиетті жазбалары қамтылған. Біз оған бұл экстремистік мәтін емес екенін түсіндірдік», - деді агенттік басшысы.