Рамазан айында мұсылман баласы рухани дүниесін байытып, игі істер жасайды, оразасын ұстау арқылы өзінің адамгершілік қасиеттерін сезініп, абыройын арттырады. Бұл туралы ҚР Дін істері агенттігінің баспасөз қызметі хабарлады.
«Сондықтан Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай жиырма қадам» атты мақаласындағы «Әрбір ауыл мен қала тазалықтың, көркеюдің, тәртіптіліктің үлгісіне айналуы керек. Қолда барды сақтап, көбейте беру үшін әрбір қазақстандық еңбекқор әрі құнтты қожайын болуы жөн» деген ұлағатты сөздерін нақты игі шаралармен іске асыруға шақырамыз», - дейді өз құттықтауында Дін істері агенттігінің төрағасы.