Ізгі ниетпен қолға алынған шара барысында ҚР Парламенті Сенатының төрағасы Қайрат Мәми мен 15 делегат басшысы 16 түп шырша екті.
«Бүгін әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары елордада бас қосып, съездің жалпы мәжілісін аяқтады. Онда мемлекеттер, елдер, діндер арасындағы татулық мәселесі талқыланды. Нәтижесінде нақты шешімдер қабылданды. Сондықтан да болашаққа белгі ретінде Астананың ең көрікті орталығына айналатын «Мәңгілік ел» монументі жанынан «Рухани жарасым» аллеясын ашуды жөн көрдік», - дейді Қ.Мәми.
Бұл ретте қолға алынған игі істің жастарға тәлім-тәрбие беретіндігін де баса айтқан Сенат спикері: «Болашақ жастардың қолында. Жастар бір-бірімен жарасымды өмір сүруді, діндер, ұлттар арасындағы төзімділікке үйрену қажет. Сондықтан да оларға белгі, нышан болсын деп аллеяға ағаш отырғызуды қолға алдық», - деді.