«Ең маңызды тақырыптардың бірі теңсіздікті, оның барлық көріністерін қалай жеңуге болатындығы төңірегінде болды. Өйткені теңсіздік ұлттық әркелкілік пен жаһандық алауыздықтың қайнар көзі саналады. Сондай-ақ цифрлық және гендерлік мәселелерге, білім берудің маңыздылығына, әлеуметтік теңсіздікті жоюға ерекше назар аударылды. Тағы бір негізгі мақсат экономикалық өсу мен рухани және моральдық прогресс арасындағы тепе-теңдікті анықтау жолдарын табу болды», - деді ҚР Президенті.
Мемлекет басшысы дін көшбасшылары технологияларды, ғылым мен руханиятты бір мезгілде және өзара толықтыра отырып, дамытуды талап ете алады деп сенетіндігін білдірді.