Дін мен ғылым үндестігін жандандыру қажет ? Олжас Сүлейменов

None
АСТАНА. Мамырдың 20-сы. ҚазАқпарат /Жасұлан Аманбайұлы/ - Бүгін Астанада Бейбітшілік және келісім сарайында «Мәдениеттер мен діндер үнқатысуы – қоғам бірлігінің негізі» тақырыбында ақын Олжас Сүлейменовпен кездесу өтті,
деп хабарлайды ҚазАқпарат. Жиынға ҚР Парламенті депутаттары, Қазақстанның дәстүрлі діндер өкілдері, этномәдени және зерттеу орталықтарының ғалымдары, дінтанушылар қатысты.Қатысушылар қазіргі қоғамдағы ұлтаралық және діни келісім мен толеранттылықты сақтау мәселелері жайындағы көзқарастарын ортаға салды. Осындай жиындардың маңыздылығын атап өткен О.Сүлейменов, «өркениеттер арасындағы диалог конференциялар мен түрлі жиындарда ғана жүрмейді. Бұл құбылыс әр адамның санасында жүріп жатыр. Сол себепті әр адам діндер арасындағы келісімге өзінше атсалысуы қажет екендігін атап көрсетті.Сондай-ақ О.Сүлейменов жиын барысында, дін мен ғылымның арасындағы алшақтықты жақындастыру арқылы қоғамдағы дүрдараздықтың алдын алуға болады деген ой тастады. «Бір қоғам ортасында дін мен ғылымға қатысты тақырыпта ой таластырып едік. Сонда біреу «дін ? әлемдік ғылымның бастауы. Бірақ кейін дамуын тоқтатып, канондық бір қалыптылыққа түсіп кетті», деді. Ал ғылым болса, әрдайым дамып отырады. Сол кезде біз мынадай бір ортақ ұйғарым таптық ? ғылым мен дін үйлесім тауып, бірігуі қажет. Дін мен ғылым ымыраласа отырып, қоғам ішін ұйытатын факторға айналғаны керек. Соның ішінде, дін ғылымға ықпал жасауы керек, әсіресе, кейінгі кездері өнегелік қасиетін жоғалта бастаған оның тұғырнамалы бөлігіне гуманизмдік әлеует қалыптастыру қажет», деді О.Сүлейменов.Оның айтуынша, шілде айында Астанада өтетін Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съезі кезінде осы мәселе сөзсіз талқыға түседі. Онда өркениеттің ғылым мен дін сияқты салалары қарсы қойылмай, екеуінің арасын жақындастыру, сұхбатын жандандыру хақында ой бөліспек. Сөзін бүгінгі қоғамның адами қасиеті жайында жалғастырған ақын, «бостандық, әсіресе жетесіздік белгілі бір қалыпқа салынуы керек. Бұл - жағалауы жоқ өзен секілді. Жан- жағын шайып, ми батпаққа айналдырады. Мемлекет бұны қолға алып отыруы тиіс. Әсіресе, біздің жастарға келгенде бұл мәселе қатаң қаралса игі», деді ол.