Динамикалық бақылауға жататын созылмалы аурулар тізбесі кеңейді

Фото: Денсаулық сақтау министрлігі

АСТАНА. KAZINFORM – Денсаулық сақтау министрінің бұйрығымен динамикалық бақылауға жататын созылмалы аурулар тізіміне өзгерістер енгізілді.

Жалпы тізбеге 27 түрлі ауру енгізілді, оның ішінде:

  • Созылмалы вирустық В, С және D гепатиттері (бауыр циррозынсыз);
  • Артериялық гипертензия;
  • Жүректің ишемиялық ауруы;
  • Брахиоцефалиялық артерияның экстракраниалдық аурулары;
  • Жүрек қақпақшасының зақымдануы;
  • Аритмия, жүрекшелердің жыбыры мен дірілі;
  • Қан және қан түзу аурулары;
  • Тыныс алу ағзаларының аурулары;
  • Ас қорыту ағзаларының аурулары (оның ішінде асқазан және он екі елі ішек ойық жарасы, бауыр циррозы);
  • Қаңқа-бұлшықет жүйесі және дәнекер тін аурулары;
  • Эндокриндік жүйе аурулары, тамақтану бұзылысы және зат алмасу бұзылысы (оның ішінде әртүрлі деңгейдегі қант диабеті);
  • Қалқанша без аурулары;
  • Жүйке жүйесінің аурулары (оның ішінде эпилепсия және балалардың церебралды салға шалдығуы). Бұған қосымша жүйке жүйесінің басқа да дегенеративті аурулары мен орталық жүйке жүйесінің демиелинизациялық аурулары енгізілді;
  • Несеп-жыныс жүйесі аурулары;
  • Әйел жыныс ағзаларының қабынусыз аурулары;
  • Перинаталдық кезеңде пайда болатын жекелеген жағдайлар (оның ішінде туа біткен даму кемістіктері).

Бұйрық 2025 жылғы 2 қыркүйектен бастап күшіне енеді

Айта кетейік, бүгін Президент Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарованы қабылдап, міндетті медициналық сақтандыру жүйесін тиімді етуді тапсырды.