«Астана Қазақстанның бас қаласы, ал Алматы жүрегі мен жаны іспетті. Маған, осы әсем қала Алматыда тұру бақыты бұйырып отыр, бұл мен үшін баға жетпес бақыт деп білемін», - дейді әйелдер күресінен Олимпиаданың қола жүлдегері Гүзел Манюрова. Оның айтуынша, жанкүйерлердің спортқа деген қызығушылығы спортшылардың жеңіске деген құлшынысын оятады. Бұл сенімнің үдесінен шығып, түрлі байрақты бәсекелерде құрама қоржынына әлі де көптеген медальдар салуға олардың әлеуеті жетеді.
Салтанатты шара кезінде олимпиадашылардың ізбасарларынан велошабандоздар, гимнастар, боксшылар, дзюдошылар, семсерлесушілер, аяқдопшылар көрсетілімдік қойылымдар қойды. Онда сондай-ақ, Ішкі әскер бөлімшелерінен құралған жасақ та жиналған жұртшылыққа өздерінің спорттық жаттығуларын көрсетті. Олар қорғану тәсілдерін көрсетіп, 100, 500 және 1000 метрге жүгіруден, сондай-ақ қару-жарақпен кедергілерден өтуден өзара сынға түсті.