Динара Сәдуақасова Ақтауда шеберлік сабағын өткізді

Фото: None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Өңір басшысы Ералы Тоғжанов халықаралық әйелдер гроссмейстері және ерлер арасында шахматтан халықаралық шебері Динара Сәдуақасованы қабылдады, деп хабарлайды Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі. 

Гроссмейстер Маңғыстау облысындағы шахматқа қатысушы жас жеткіншектерге қызығушылық танытып, осы спортты дамытуға қолдау көрсеткені үшін облыс басшысына алғысын білдірді. Сондай-ақ, Динара Сәдуақасова Маңғыстау облысында алдағы уақытта өтетін  турнирлерге қатысуға дайын екендігін жеткізді. Шахмат шебері Динара Сәдуақасова турнирдің қатысушыларына бір ойын сессиясын және шеберлік сабағын өткізді.

Естеріңізге сала кетейік, Маңғыстауда  шілденің «Лазар Елмұханбетов мемориалы» атты жасөспірімдер арасындағы шахматтан ашық турнир өтуде. Республикамыздың барлық аймағынан 160-тан астам жасөспірімдер қатысуда. Шілденің 5 күні басталған спорт сайы шілденің 12 дейін жалғасады.

Соңғы жаңалықтар