Динара Сәдуақасова ФИДЕ рейтингінің ТОП-100-інде алғашқы ондыққа енді
02:38, 09 Тамыз 2015
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық жас шахматшы Динара Сәдуақасова қыздар арасында ФИДЕ әлемдік рейтингісінің ТОП-100-дігінде бірінші ондыққа енді. Бұл туралы Жансая Әбдумәлік өзінің Фейсбук желісіндегі парақшасында хабарлады.
«2015 жылдың тамыз айында Жансая Әбдумәлік ФИДЕ әлемдік рейтингінің ТОП-100-інде 11-ші орынға тұрақтады, 9-шы орында да қазақстандық Динара Сәдуақасова, ал Бибісара Асаубаева 72-ші орыннан көрінді», делінген хабарламада.