Турнирдің сыйлық қоры жарты миллион долларды құрайды, жеңімпаз ақшалай сыйлықтан бөлек әлемдік шахмат тәжіне үміткерлер турниріне жолдама алады.
«Әлемдік шахмат тәжі – менің бұрыннан келе жатқан мақсатым, мен оған асықпай бара жатырмын. Бұдан бөлек, мұндай турнирге қатысу – абыройлы гроссмейстерлермен күшімді сынауға жақсы мүмкіндік», - дейді Динара.
Турнирге ғаламшарымыздың 105 мықты шахматшысы шақырылды. Олардың арасында қазіргі шахмат тәжінің иесі Магнус Карлсен де бар.