Сондай-ақ Динара Сәдуақасова Қасым-Жомарт Тоқаевқа қазан айында Республика күнін мерекелеуге орай елордада шахмат турнирін ұйымдастыру жоспары туралы айтып берді.
Жансая Әбдімәлік елімізде шахмат спортын дамыту және шахмат пен IT технологияны тереңдетіп оқытатын мектеп-интернат ашу жөнінде бірқатар ұсыныс айтты.
Осыған дейін ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев шахматтан Қазақстан әйелдер құрамасының мүшелерімен және шахмат федерациясының өкілдерімен кездескенін хабарлаған едік.