АСТАНА. ҚазАқпарат – Алматы қаласында шахматтан өтіп жатқан әлем чемпионатында қазақстандық Динара Сәдуақасова рапидтен күміс жүлдегер атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Қазақстандық шахматшы соңғы бәсекеде қытайлық Тань Чжунъи-ге есе жіберді.
Қос спортшы арасындағы бірінші партия тең аяқталды. Ал тай-брейкте қытайлық шахматшы жеңісті жұлып алды.
Екі спортшы да 11 турдан кейін 8,5 ұпай жинаған еді.
Үндістандық Савита Шри үздік үштікке ілікті.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын астаналық 8 жастағы шахматшының Латвияның экс-министрін жеңгенін жазған болатынбыз.
Фото: Қазақстан шахмат федерациясы
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).