Британияның Стокпортындағы Денсаулық пен қауіпсіздік лабораториясының аға психологі Росан Джервайс: «Діндарлық адамдардың қызметте кездесіп жататын сан алуан қиыншылықтар алдындағы төзімділігінің қайнар көзі болып табылатынын біздің зерттеулеріміз көрсетіп отыр. Мұндай жеке наным тек қызметкерлер үшін ғана емес, сол сияқты жұмыс берушілерге де пайдалы болар еді, адамдардың бойында аралық аймақ пайда болады», - деп өз зерттеуінің нәтижесі туралы мәлімдеді. Бұл туралы Ансар. ру хабарлап отыр.
Сондықтан дәрігерлер бастықтарды қызметкерлердің өз діндерінің талаптарын орындауға мүмкіншілік беруге және осы мәселені ескерусіз қалдырмауға шақырады.
Бұл діни нанымның адам денсаулығы үшін пайдалы екенін көрсетіп отырған алғашқы зерттеу емес екенін атап кеткен дұрыс.