Діни басқарма елдегі 2228 мешіттің басын қосқан ең іргелі құрылым екенін танытты - Елбасы
12:43, 19 Ақпан 2013
АСТАНА. 19 ақпан. ҚазАқпарат - Діни басқарма елдегі 2228 мешіттің басын қосқан ең іргелі құрылым екенін танытты, деп атап өтті осы уақытта Астанада Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының өкілдерімен кездесу өткізіп жатқан Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев.
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі Твиттерде жазды.