Бұл туралы Синьхуа агенттігі жергілікті үкіметке сілтеме жасап хабарлады.
Естеріңізге сала кетейік, жексенбі, 31 шілде күні жергілікті уақыт бойынша сағат 16.30-да бір топ қарулы адам жергілікті мейрамханалардың бірін басып алып, оның қожайынын және даяшысын өлтірді және нысанды өртеп жіберді. Одан кейін олар жақын маңда болған бейбіт тұрғындар мен оқиға орнына жеткен полиция қызметкерлеріне оқ жаудырған. Оқиға салдарынан алты адам оққа ұшып, 15 адам жараланды, олардың үшеуі - полиция қызметкері. Полиция бес содырды атып өлтіріп, тағы бірнешеуін тұтқындады.
Алдын ала мәліметтер бойынша, шабуылды ұйымдастырған қылмыскерлер «Шығыс Түркістан ислам қозғалысы» лаңкестік ұйымының Пәкістан аумағындағы лагерьлерінде дайындықтан өткендер. Шынжаң өкіметі осы оқиғаға қатысы бар тағы екі адамды тұтқынға алуға ордер берді. Олар - жергілікті тұрғындар, ұйғыр ұлтының өкілдері. Полиция күдіктілерді ұстауға көмектесетін ақпараттар үшін 100 мың юань (15 мың доллардай) көлемінде сыйақы жариялады.