Діни экстремизм құрбаны болған әйелдің оқиғасы Абаевқа қатты әсер етті
«Мемлекет басшысының қатысуымен ҚХА сессиясы өтті. Өте қызық әңгімелер айтылды. Әрбір оқиға деректі фильмге арқау бола алады. Мен Әсел Базарбаеваның бастан кешкен оқиғасынан үлкен әсер алдым. Ол диструктивті діни ағымның құрбаны болғаны анықталды. Жас қыз радикализмнен сытылып шығып, дәстүрлі дінге оралды. Оның радикализмнен бас тартуына олардың ата-анадан кетуін талап етуі түрткі болыпты. Бұл біздің халықтың отбасылық дәстүрі әлі мықты екендігін көрсетеді. Қазір ол өзі сияқты әйелдерге, туған-туыстары, отбасына қайта оралуларына көмек көрсетіп жүр», - деді министр «Хабар» телеарнасындағы «Ашық диалог» атты бағдарламада.
Айта кетейік, Әсел Базарбаева қазір төрт баланың анасы атанып отыр. Мектеп формасын жеткізетін шағын ғана бизнеспен айналысады. Қазіргі кезде мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстарға да қатыса бастаған.
Сонымен қатар Әсел діни экстремизмнен зардап шеккен адамдарды оңалтумен айналысып жүр.