Діни көшбасшылардың IV Съезіне Иорданияның билеуші хашимиттер отбасының өкілі - ханзада Ғази бен Мұхаммед қатысуда

АСТАНА. 30 мамыр. ҚазАқпарат - Астанада өтіп жатқан Әлемдік және дәстүрлі діндер басшыларының IV Съезіне Елбасының шақыруына орай Иордания Королі Абдалла II атынан қатысатын билеуші хашимиттер отбасының көрнекті мүшесі,

Корольдің діни істер жөніндегі арнаулы өкілі және Бас кеңесшісі ханзада Ғази бен Мұхаммад бастаған делегация қатысуда.

Ханзада Ғази бен Мухаммад Иордан Хашимит династиясы өкілдерінің ішінде ең білімді және Король Абдалла II бен Хусейнге ең жақын ықпалды тұлғалар қатарында саналады.

Ханзада Ғази Ұлыбританияның Принстон және Кембридж университеттерін тамамдаған, ал Каирдің Әл-Азһар университетінде философия және әдебиет пәндері бойынша екі докторлық диссертация қорғаған.

Ханзада Ғази Иордан Университетінде ислам философиясының профессоры ретінде оқытушылық қызметін атқарады. Сонымен қатар, ол діни, мәдени, білім және спорт салалары бойынша Иорданияның әртүрлі кеңестері мен қорларын басқарады.

Ханзада Ғази діни төзімділік пен ислам философиясы тақырыптарына бірнеше басылымдардың (кітаптар, мақалалар, жарияланымдар) авторы болып табылады. Халықаралық сахнада Таяу Шығыстағы конфессияаралық диалогтың және келісімнің идеяларын жақтаушысы ретінде үлкен рөл атқарады. Оған дәлел ретінде оның 2011 жылы Әлем сыйлығына ұсынылғанын атап өту керек.

Сонымен қатар, Съезд жұмысына ҚР Парламенті Сенатының Төрағасы Қ.Мамидің шақыруына орай Иордания ханзадасы Хасанның атынан Араб ойы форумының бас хатшысы, доктор Садық Бахит әл-Факки бастаған делегация қатысуда.