Діни қызмет және діни бірлестіктерге қатысты заң жобасы комитетте қаралады
14:19, 19 Қыркүйек 2011
АСТАНА. 19 қыркүйек. ҚазАқпарат - Ертең, 20 қыркүйек күні, Мәжілістің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің отырысы өтеді, деп хабарлайды Мәжілістің баспасөз қызметі.
Комитет отырысында «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» заң жобасы талқыға салынады. Бұл жөнінде Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің төрағасы Рахмет Мұқашев мәлімдеді.
Заң жобасы қоғамдық және діни мүдделердің тепе-теңдігін сақтауға бағытталған.