Қазақстан Республикасындағы Орыс православ шіркеуінің Митрополия округінің басшысы, Астана және Қазақстан митрополиті Александрға
Құрметті Александр!
Қазақстан мұсылмандары Діни басқармасының атынан Сізді және Сіз арқылы еліміздің барлық православ христиандарын үлкен жарқын мереке - Рождество мерекесімен құттықтайды.
Осы жан толқытқан және ізгі күндері бүкіл әлемнің православ діндарлары өздерінің ой санасын Ұлы Жаратқанға бағыштап, адамдарға бейбітшілік, ізгілік пен игілік тілеп жалбарынады. Сізбен бірге мұсылман жамағаты ғана емес, басқа да діндерді ұстанатындар да рухани туыстығымызды нығайта түсуге және біздің Қазақстан жерінің гүлденуіне мінәжат ететініне сенімдімін. Өйткені біз бірлесе отырып, қана табысқа жете аламыз. Астанада Әлемдік және дәстүрлі діндер басшыларының съезінде тұрақтылықтың, өзара түсіністіктің, діни тағаттылықтың арқасында көпұлтты және көпконфессиялы Қазақстанда тыныштық пен келісім сақталуда деп атап көрсетілуі бекер емес.
Сондықтанда діни мерекелер Қазақстанның көп ұлтты халқы өмірінің үйлесімді бөлігіне айналғанына қуанамын. Және әрқашан да Жаратқанға елімізде бейбіт қатар өмір сүріп жатқан дәстүрлі діндер арасындағы қатынастардағы тыныштық пен достық үшін алғыс айтамын. Біздің Мемлекетіміз Басшысының жоғары халықаралық беделінің арқасында бүгінде Қазақстанды осындай бейбітшілік сүйгіш саясаты үшін бүкіл әлемде құрметтейді.
Барлық православ діндар жамағатына мықты денсаулық, бақыт және қуаныш тілеймін. Ал Сізге, құрметті митрополит, Жаратқанға және Қазақстан халқына қызметіңізге медет берсін, осындай әлем тұрақсыз толқып тұрған шақта Аса мейірімді Жаратушыдан Сізге мықты денсаулық, тыныштық пен төзімділік, табыс және сіздің қызметіңізге таусылмас күш-қайрат тілеймін. Сіздің Отанға - Қазақстанға деген сүйіспеншіік пен патриотизмді нығайту жолындағы жасампаз еңбектеріңіз жалпыға бірдей танылған өз бағасын алатынына сенімдімін.
Православ діндарларына игілік пен барлық бастамаларына табыс, бақыт және жан жылуын тілеймін!