Дінмұхамед Қонаев мұрасын зерттеушілерге "Қонаевтанушы" атағы табыс етілді

None
АЛМАТЫ. Ақпанның 24-і. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Бүгін Алматыда аса көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері Дінмұхамет Ахметұлы Қонаев мұрасын зерттеп насихаттағандарға алғаш рет "Қонаевтанушы" атағы табыс етілді,

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Оны Д. Қонаев атындағы университет пен Д.Қонаев мұражай-үйі бірлесіп тағайындап отыр. ҚР Президенті Н.Назарбаевтың Д.А. Қонаев есімін мәңгі еске қалдыру туралы қаулысына 16 жыл толуына орай ұйымдастырылған алқалы жиын кезінде "Қонаевтанушы" атағы өзінің алғашқы иелерін тапты. Олар - ҚР ҰҒА академиктері, экономика ғылымының докторы Едіге Түркебаев, техника ғылымының докторлары Мәлік Асылбеков, Көпжасар Нәрібаев, Мұхтар Әуезов мұражайының директоры Диар Қонаев, жазушы Ораз Қауғабай және Дінмұхамед Ахметұлының алғашқы оққағары Анатолий Горяйов.