Оны түсіруші топ жетекшілері бүгін Алматыдағы Д. Қонаев мұражай үйінде өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Дінмұхамед Қонаев - махаббат жолымен» деген шартты атауы бар бұл фильмді «Өмір-Өзен» продюсерлік орталығы мен Д. Қонаев мұражай үйі бірігіп түсіргелі отыр. Музыкасы дайын, сценарийінің 80 пайызы жазылып болды. Енді актерлер таңдау жүргіземіз. Оған кәсіби актерларлармен қатар әртүрлі жастағы жаңа адамдер да тартылады. Фильмнің түсіру жұмыстарын Алматы қаласы мен қаланың сырт жағында 2010 жылы бастап, оны бір жылдың ішінде аяқтауды жоспарлап отырмыз», дейді фильм режиссері Марат Қабышев.
Сценаришы Айдар Бекбосыновтың айтуынша, Дінмұхамед Ахметұлын елдің бәрі тек мемлекет қайраткері ретінде жақсы таниды да, оның қарапайым қасиеттерін көп адам біле бермейді. Сол себепті олар қайраткердің туып-өскен ортасы мен өмір жолын және оның азаматтық бейнесін жан-жақты ашып көрсететін көркем фильм түсіруді бірнеше жылдан бері ойластырған.
«Димаш Ахметұлы туралы фильм түсіруді біз көптен бері армандап келе жатыр едік. Бұған дейін бірқатар деректі фильмдер жасалғанымен көркем фильм түсірем деген режиссер болған жоқ. Оның сәті енді ғана туып отыр. Бұл шара Д. Қонаевтың 100 жылдығына арналған 100 шара аясында жүзеге аспақ», дейді Д. Қонаев мұражай үйінің директоры Болысбек Батталханов.