Динозаврдың қаңқасы бәссаудада 650 мың долларға сатылды

АСТАНА. 28 қараша. ҚазАқпарат - Американың Вайоминг штатынан кездейсоқ табылған алып динозаврдың қаңқасы сәрсенбі күні Британияда өткен бәссаудада 400 мың фунтқа (650 мың доллар) сатылды.

Ұзындығы 6 метр болатын қаңқа Вайоминг штатында кездейсоқ табылған. Қаңқа сүйектері Нидерландыдағы зертханалардың бірінде өңделіп, кейін оларды құрастыру үшін Ұлыбританияға жіберген.

Сауда сәрсенбі күні Англияның оңтүстігіндеSummers Place Auctionsбәссауда үйінде өтті. Қаңқаны өздерінің есімдерін жарияламаған ұйым сатып алды, деп хабарлады «Новости».