Пойнар және оның әріптестері қол жеткізген ақпараттарға сәйкес, маса арқылы ауруды жұқтыру ең кемі 20 млн жыл бұрын, ал кене таратқан індеттер 100 млн жыл бұрын болған.
Доминикан аралынан табылған сынамаларды зерттегенде, Пойнар жақсы сақталып қалған масаны янтарь арасынан тапты. Оның жақсы сақталғаны соншалық, тіпті асқазанын зерттеуге мүмкіндік туды. Бұрын осыған ұқсас сынама Мьянмада табылды. Оның жасы 100 мың жыл шамасында.
Екі жәндіктің де өңешінде безгек таратқыш бактериялар табылды.
Пойнардың пікірінше, маса таратқан безгек еңгезерлердің (динозаврлардың) қырылуына себеп болуы мүмкін. Безгектің алғашқы эпидемиясы 15-8 мың жыл бұрын адамзат санының қысқаруына себеп болуы мүмкін.