Дінтану сараптамасына түсетін әдебиеттерде экстремистік үндеулер кездеспейді - Дін істері агенттігі

АСТАНА. 29 сәуір. ҚазАқпарат - Дінтану сараптамасына түсетін әдебиеттердің ішінде экстремистік және террористік үнделер кездеспейді.

Бүгін дінтану сараптамасын ұйымдастыру және жүргізу мәселелеріне арналған республикалық семинарда ҚР Дін істері агенттігінің діни сараптама және діни оқу орындарымен байланыс жөніндегі басқарма бастығы Айнұр Әбдірасылқызы осылай айтты.

Оның сөзіне қарағанда, сараптамаға түсетін әдебиеттерде нақты экстремистік немесе террористік үндеулер кездеспейді. «Себебі, кітап жарыққа шыққанға дейін ол еңбек бірнеше рет тексеріліп, редакторлық түзетуден өтеді. Автордың жеке жауапкершілігі де бар. Сондықтан ондай туындылар біршама жинақталған, сарапталған, былайша айтқанда тазарған күйде түседі», - дейді А.Әбдірасылқызы.