Мэтью Хо Ирактағы соғысқа қатысқан, ал қызметтен босағаннан кейін Мемлекеттік департаментке жұмысқа ауысқан. Күні кешеге дейін ол тәлібтердің пәрмені жүріп тұрған ауғанның Забул провинциясында жұмыс істеп келген.
«Мен Құрама Штаттардың Ауғанстанға келудегі стратегиялық мақсаттарын түсінуден қалдым және сенімімді жоғалттым», - деген Метью Хо қазанның 10-ында қызметтен кету туралы жазған өтінішінде.