НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «Дипломмен ауылға» бағдарламасын қаржыландыру 20 млрд теңгеге жеткізіледі. Бұл туралы бүгін Қазақстан халқына Жолдауында Қасым-Жомарт Тоқаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Қала мен ауыл мектептері арасындағы орта білімнің сапасы алшақтап барады. Негізгі мәселе - ауылдық жерлердегі білікті педагог кадрлардың тапшылығы», - деді Мемлекет басшысы.
Сондықтан Қазақстан Президенті «Дипломмен ауылға» бағдарламасының аясын кеңейтіп, жұмысты жаңа деңгейде жалғастыруымыз қажеттігін айтты.
«Үкіметке келесі жылдан бастап осы бағдарламаны қаржыландыруды 20 млрд теңгеге жеткізуді тапсырамын», - деді Қ.Тоқаев.
Марлан Жиембай
Абай облысының Аягөз ауданында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің филология факультетін бітірген. 2005 жылдан бері "ҚазАқпарат" халықаралық ақпарат агенттігінде жұмыс істейді.