Дипломмен ауылға: Биыл 5 мыңнан астам жас маманға көтерме жәрдемақы берілді

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша 5 172 маманға бір реттік көтерме жәрдемақы берілді. Дәл осындай жәрдемақыны тағы 2 мың жас маман алады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Үкіметтің баспасөзорталығында баспасөз мәслихатын өткізген Ұлттық экономика вице-министрі ЕрмекАлпысовтың айтуынша, қазіргі таңда Қазақстанда 6454 ауылды елдімекен бар.Министрлік әзірлеген жаңа әдістеме бойынша іріктеліп алынған 3 477 ауылды елді мекеннің1 150-і тірек ауыл деп есептеледі. Сонымен қатар, тірек ауылдарға қарайтын ауылдардыңсаны 2 327. 6 454 ауылды елдімекенде 6 млн 600 мың адам тұрады.

«Білікті мамандардыауылға тарту бойынша Елбасының арнайы 10 жыл бұрын берген тапсырмасына сай,«Дипломмен ауылға» бағдарламасы іске асырылып жатыр. Өздеріңіз білетіндей, бұлжобаның мақсаты – әлеуметтік тұрғыда көмек көрсету арқылы ауылды жерлердеәлеуметтік сала және агроөнеркәсіп кешеніндегі мамандарды ынталандыру.Бағдарламаға денсаулық сақтау және білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру,мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешенінде жұмыс істейтін дипломы бармамандар қатысады. Жалпы, көтерме жәрдемақы – 100 АЕК-ке тең», - деді вице-министр.

Ермек Алпысовтың айтуынша,әлеуметтік қолдау шараларының ішіне тұрғын үй алу үшін берілетін бюджеттікнесие де бар. Оның сомасы 1 500 АЕК-ке тең.

«Жалпы, 10 жылдыңішінде 27,5 мың адам 70 млрд теңгенің бюджеттік несиесін алды. Жылдан жылға несиеалушылардың саны артып барады. Орташа есеппен максималды түрде қарасақ – 1 500АЕК алған маман жалпы 15 жылдың ішінде соманың 6 пайызын ғана төлейді», - дедіол.

Вице-министр өзбаяндамасында атап өткендей, «Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша 2019 жылы7 176 маман бір реттік көтерме жәрдемақы алады деп жоспарланған. Осы мақсаттабюджеттен 1 млрд 300 млн теңге бөлу көзделіпті. 1 шілдедегі жағдай бойынша 5 172маман 911 млн теңгенің бір реттік көтерме жәрдемақысын алып қойған. Сол секілдібиыл 3 908 маманға тұрғын үй сатып алу үшін 14 млрд 800 млн теңге көзделген. 1маусым бойынша 2 527 маман қоныс тойын тойлап үлгерді.

Соңғы жаңалықтар