Дипломмен ауылға: Жас маманның ауылда жұмыс істеу мерзімі неліктен қысқартылды

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ұлттық экономика вице-министрі Ермек Алпысов «Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша мемлекеттен әлеуметтік қолдау алған жас маманның міндетті жұмыс істеу мерзімі 5 жылдан 3 жылға неліктен қысқартылғанын түсіндірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Мамандардыңміндеттерін орындау мерзімі, яғни ауылда жұмыс істеу бойынша міндетті мерзімі 5жылдан 3 жылға қысқартылды», - деді Ұлттық экономика вице-министрі ЕрмекАлпысов Үкіметтің баспасөз орталығында.

3 жылдық мерзім жасмаманның ауылда орнығуына жете ме? Бұл сұраққа вице-министр былайша жауапберді.

«Ауылда тұрумерзімі неліктен қысқартылды? Бұл өзгерістің енгеніне біршама уақыт болыпқалды. Бағдарламаға қатысушылардың талап-тілегіне және жергілікті атқарушыоргандардың сұранысына қарадық. Біз әрбір адамның конституциялық құқығын шектейалмаймыз. Әр жас маманның өзінің өмірі, отбасылық жағдайы болуы мүмкін. Солсебепті, Үкіметтің қаулысымен бірнеше жыл бұрын мерзімді 5 жылдан 3 жылғақысқарту туралы шешім шыққан еді. Егер аймақтар жас мамандардың міндетті жұмысістеу мерзімін ұзарту туралы ұсыныс білдірсе – мархабат, қарастыруға дайынбыз»,- деді Ермек Алпысов.

Еске сала кетсек,Ермек Алпысов бұған дейін «Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша 5 172 маманға бір реттік көтерме жәрдемақы берілгенін хабарлаған болатын.


Соңғы жаңалықтар