Үш адамды кепілдікке алған қылмыскерге оқ атпас бұрын, полиция онымен келіссөз жүргізген, деп хабарлайды CNN. Вашингтонның 43 жастағы тұрғыны Джеймс Ли болып шыққан әлгі қаскөйдің талаптарының анық-қанығы әзірге ашылмай отыр. Дегенмен, оның «радикалды» эколог екені, оның Save the Planet Protest экологиялық ұйымының белсендісі болғаны анықталып отыр.
Сондай-ақ, Джеймс Лидің 2008 жылы осы телеарна ғимаратының алдында рұқсат етілмеген наразылық акциясын өткізгені анықталды. Ол жолы оған кішігірім бұзақылық жасады деген айып қана тағылған.
Бірқатар бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, Джеймс Ли Discovery телеарнасы жүргізіп отырған саясаттың белсенді қарсыласы болған.