48 келіге дейінгі салмақта Әли Алмас финалға жолдама алды. Жартылай финалда қазақстандық балуан Армения өкілі Арарат Аветисяннан 4:1 есебімен басым түсті. Енді шешуші белдесуде Ресей спортшысы Солтан Юсуповпен күш сынасады.
55 келіге дейінгі салмақта Дияр Аманәлі алтын медаль үшін белдеседі. Жартылай финалда грек-рим күресінің шебері Болгария өкілі Данимир Йордановты 8:1 есебімен жеңді. Келесі қарсыласы — Венгрия спортшысы Кеве Ковач болмақ.
Айта кетейік, финалдық белдесулер бүгін, 28 шілдеде өтеді.
Еске салайық, бұған дейін семсерлесуден әйелдер құрамасы әлем чемпионатындағы командалық сайысты жеңіспен бастағанын жазғанбыз.