АСТАНА. KAZINFORM - Қазақстандық файтер Дияр Нұрғожай UFC турниріндегі алғашқы жекпе-жегінде қарсыласына есе жіберді.
Отандасымыз Лас-Вегаста (АҚШ, Невада штаты) өткен UFC Fight Night 254 турнирінде Брендсон Рибейромен (16-7) кім мықтыны анықтады. Ауыр салмақтағы спортшылар арасындағы жекпе-жек үш раундқа жоспарланған. Дегенмен Диярды бразилиялық файтер 2-раундта қолды ауырту әдісі арқылы жеңіп кетті.
Дияр Нұрғожай 1997 жылы 22 сәуірде Алматы облысында дүниеге келген. Бала кезінде грек-рим күресі және қоян-қолтық спортымен шұғылданды.
2021 жылы панкратион спортынан 100 келі салмақта әлем чемпионы атанса, жекпе-жектен Қазақстан чемпионы атағын жеңіп алды. 2017 жылдан бері аралас жекпе-жектен сынға түсіп келеді.
Еске салсақ, әлем чемпионатында қазақстандық боксшылардың қарсыластары анықталды.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.