Дияс Internationaux de Strasbourg турнирінде Кудрявцевадан ұтылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық теннисші Зарина Дияс Франциядағы Internationaux de Strasbourg жарысының үшінші айналымына өткен жоқ, деп хабарлайды Sports.kz.

Екінші кезең ойынында әлемдік рейтингте 93-ші орында тұрған Дияс әлемнің 184-ші ракеткасы, ресейлік спортшы Алла Кудрявцевадан 6:4, 4:6, 6:7 есебімен ұтылды.