Дияс Нұрақын Алматы облысы әкімінің баспасөз хатшысы болды

Фото: Алматы облысы әкімдігі

ТАЛДЫҚОРҒАН. KAZINFORM – Алматы облысы әкімінің бұйрығымен облыс әкімі баспасөз қызметінің басшысы – баспасөз хатшысы болып Дияс Нұрақын тағайындалды.

Дияс Ермекұлы - Алматы облысы Кеген ауданының тумасы, 1987 жылы дүниеге келген.

2004-2008 жылдары әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті журналистика факультетін тәмамдаған.

2008-2010 жылдары Т. Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университеті экономика факультетінде білім алған.

Еңбек жолын 2006-2007 жылдары МИР мемлекетаралық телеарнасында аудармашы-редактор ретінде бастаған.

2007-2008 жылдары КТК телеарнасында «Репортер», «Алаң жұрт» бағдарламаларында редактор қызметін атқарды.

2008-2009 жылдары республикалық «Жас қазақ» газетінде арнаулы тілші болды.

2009-2015 жылдары Жетінші арна жаңалықтар қызметінде тілші болып еңбек етті.

2015-2016 жылдары КТК телеарнасының жаңалықтар тілшісі, «Аптап» ақпараттық-сараптамалық бағдарламасының шығарушы редакторы қызметтерін атқарды.

2016 жылдан бастап осы телеарнаның жаңалықтар қызметі аймақтар қосынының редакторы болып жұмыс істеді.

БАҚ саласы бойынша Президент грантының иегері.

Айта кетейік, Бауыржан Әбжанов Ұлттық қорғаныс университетінің басшысы лауазымына тағайындалды.