Дизайнердің айтуынша, ол мың жылға төтеп береді. Жаңашыл аяқ киімге тот баспайтын болат пен күміс пайдаланған. Шеллис оның ұзаққа шыдаумен және беріктігімен қатар тағы бір маңызды сапалық қасиеті бар екенін айтады: бұл туфли киюге де қолайлы көрінеді. Мұндай аяқ киімді 1600 долларға сатып алуға болады, деп жазады The Daily Mail.
Оны жөндеудің қажеті жоқ және тозбайды. Riviera деген атауға ие болған туфли жоғары ортопедиялық стандартпен жасалған, өкшесі биік болса да, күні бойы 10 сағаттан астам уақыт киіп жүрсең де аяқты талдырмайды.
Мұны жасауға Крис Шеллис екі жыл уақытын сарп еткен. Ол биік өкшелі қолайсыз туфли киіп жүрген әйелдерді аяйтынын айтады, оның үстіне өкшесі түсіп қалып әбігерге салатынын қайтерсің. Дизайнер өз еңбегінің нәтижесіне разы және оның жасаған моделі әйелдер үшін сәндік инвестиция бола алады. «Оны немерелеріне мұраға қалдыруға болады», - дейді ол.
Бұдан бұрын Шеллис 2011 жылы құны 336 мың доллар тұратын бағалы металдар мен тастардан жеңіл аяқ киім жасап шығарған болатын.