Дизайнерлер Д.Дольче мен С.Габбанаға 343 млн. көлемінде айыппұл салынды

АСТАНА. 1 сәуір. ҚазАқпарат - Атақты итальяндық дизайнерлер Доменико Дольче мен Стефано Габбана Милан сотымен бір миллиард еуро шамасында салық төлеуден жалтарды деп танылды. Енді олар 343 млн, еуро айыппұл төлеулері тиіс, деп хабарлайды РБК.

Д.Дольче мен С.Габбана және Италия билігі арасындағы салық дауы 2004 жылы басталған. Сол кезде оларды Люксембургте Dolce & Gabbana және Gado деп аталған екі компания құрып, салық төлеуден жалтарды деп айыптаған болатын.