Конкурсқа ұсынылатын жобалар Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасында айтылған тақырыптық бағыттармен үйлесуі тиіс, атап айтқанда, қасиетті нысандар, киелі орындар, тарихи ескерткіштер; қазақ мәдениеті мен дәстүріне үйлескен элементтер; туған жерге деген махаббат; білім культі; бәсекелік қабілет; прагматизм; ұлттық бірегейлікті сақтау; Қазақстанның революциялық емес, эволюциялық дамуы; сананың ашықтығы.
Жеке тұлға немесе ұжым байқауға әр бағыт бойынша бір ғана жұмысын ұсына алады.
Байқау 1 қараша - 15 желтоқсан аралығында өтеді. Қатысушылар үшін жас ерекшеліктері бойынша шектеу жоқ.
Ең үздік туындыларды арнайы құрылған қазылар алқасы анықтайтын болады. Сондай-ақ ҚазАқпарат сайтында онлайн-дауыс беру өтеді.
Жеңімпаздарды марапаттау желтоқсан айының соңына жоспарланған. Гран-при иегері 2 млн теңге сыйақы алады.
Өзге жеңімпаздардың ақшалай жүлдесі:
1 орын - 1 500 000 теңге;
2 орын - 1 000 000 теңге;
3 орын - 500 000 теңге.
Конкурсқа қатысушыларды қосымша ынталандыру үшін жалпы сомасы 1 млн теңгені құрайтын арнайы сыйлықтар қарастырылған.
1 арнайы сыйлық - 400 000 теңге;
2 арнайы сыйлық - 400 000 теңге;
3 арнайы сыйлық - 200 000 теңге.
Байқау ережесімен https://kaz.inform.kz/news/contest сілтемесі бойынша танысуға болады. Өтінімдер konkursinform@gmail.com электрондық поштасына қабылданады.