«2017 жылдың 20 наурызынан бастап Шымкент зауытына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Онда зауытты жаңғыртудың бірінші кезеңі бойынша негізгі жұмыстар аяқталады. Көлем тұрғысынан алып қарағанда, мұнай өнімдері нарығында тапшылық туындау тәуекелін көріп отырғанымыз жоқ. Өткен жылмен салыстырғанда біздің дизель қорымыз 2016 жылғы қордан 100 мың тоннаға артық», - деді Әсет Мағауов.
Оның айтуынша, Үкімет 1 сәуірден бастап акциздің 9300 теңгеге қымбаттауына жол берген жоқ. Мұндай шара осы жылдың сәуірі мен мамыр айларында дизель отынын жөнелту барысында бағаның көтеріліп кетпеуі үшін жасалып отыр. Акциз тоннасына 940 теңге дейінде сақталатын болады.
Сонымен қатар вице-министр мұнай өнімдері нарығындағы ахуалдың тұрақты екендігін баса айтты. Зауыттардан бензин мен дизель отынын жіберу тұрақты негізде жүзеге асырылуда. Ресей тарапынан АИ-92 маркалы бензинді жеткізу барысында да тәуекелдер байқалмайды. Мұнай өңдеу зауыттарын жаңғырту жұмыстары да бекітілген кестеге сәйкес жүргізілуде.
16:33, 03 Сәуір 2017
Дизель отынының акциздік алымы тоннасына 940 теңге деңгейінде қалды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Дизель отынының акциздік алымы тоннасына 940 теңге деңгейінде қалды. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте ҚР Энергетика вице-министрі Әсет Мағауов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.