ТОКИО. ҚазАқпарат - Токио Олимпиадасында сынға түсіп жатқан Дмитрий Баландин 200 метр қашықтықта брасс әдісімен жүзуде жартылай финалға шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Қазақстандық спортшы 200 метрлік қашықтықта брасс әдісімен жүзуде сәтті ойын көрсетті. Ол аталған межені 2:08.99 уақытта орындады.
Осылайша жарысқа түскен сегіздіктің арасында төртінші орынға қол жеткізді. Нәтижесінде ертең, 28 шілдеде өтетін жартылай финалға жолдама алды.
Аталған қашықтықтағы финал 29 шілдеге белгіленген.
Айта кетейік, 2016 жылы Рио Олимпиадасында ол аталған сайыс түрінде чемпион атанған болатын.
Бұл - еліміздің суға жүзу спортындағы әзірге ең жоғары көрсеткіш.
Еске сала кетейік, Дмитрий Баландин Токио Олимпиадасында бұдан бұрын 100 метрге брасс әдісімен жүзуде жартылай финалдан тыс қалды.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.