Дмитрий Баландин әлем чемпионатының финалына жолдама алды

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстандық Дмитрий Баландин жүзуден Кванджуда өтіп жатқан әлем чемпионатының финалына жолдама алды деп хабарлайды Olympic.kz.


100 метрге брасс әдісіменжүзуден өткен жартылай финалдық бәсекеде Баландин алтыншы орын иеленді. Алжартылай финалға жолдама беретін іріктеу сынында қазақстандық спортшы 13-шінәтиже көрсеткен болатын. Жартылай финалда Баландиннің басты қарсыластарытүгелдей сынға түсті.

Атап айтар болсақ, осы қашықтықтағыәлем рекордшысы әрі олимпиада чемпионы, ұлыбританиялық Адам Пити мен іріктеусынында үшінші орын алған жапониялық Ясухиро Косеки біздің спортшыға бастықарсылас атанды.

Дмитрий өз тобында 59.03уақыт көрсеткішімен төртінші орыннан көрінді. Ал жартылай финалдағыжалпы есеп бойынша алтыншы орынға табан тіреп, үздік сегіздік сынға түсетінфиналға жолдама алды. Ертең өтетін финалдық бәсекеде Дмитрий Баландин,Адам Пити (Ұлыбритания), Ясухиро Косеки (Жапония), Антон Чупков (Ресей), ЯнЗабей (Қытай), Эндрю Уилсон (АҚШ), Кирилл Пригода (Ресей) сынға түседі.

Соңғы жаңалықтар