АСТАНА. ҚазАқпарат - Рио Олимпиадасының чемпионы Дмитрий Баландин 100 метрге брасс әдісімен жүзуде Азия ойындарының қола жүлдегері атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
ҚР Ұлттық Олимпиадалық комитеті мәлім еткеніндей, Баландин Жапония және Қытай спортшыларын алға жіберді. Біздің спортшының көрсеткіші - 59.39.
Айта кету керек, Дмитрий Баландин Олимпиада алтынын 200 метрге брасс әдісімен жүзуде жеңіп алды. Өкінішке қарай, жарақатына байланысты бұл қашықтықтағы жарысқа қатыса алмайды.
Күнсұлтан Отарбай
Еуразия Ұлттық университетінің түлегі. Республикалық «Қазақ спорты», «Sport» газеттерінде қызмет атқарған.
2014 жылғы Сочи, 2016 жылғы Рио-Де Жанейро, 2017 жылғы Инчхон және 2024 жылғы Париж Олимпиадасында, сонымен қатар бір қанша Қысқы және Жазғы Азия ойындарынан, әлем біріншіліктеріне барып тікелей хабар таратқан журналист.
Сейдақмет Бердіқұлов атындағы арнайы сыйлықтың лауреаты.