Дмитрий Баландин, Елдос Сметов: Үздік спортшы атануға кім лайық

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстандықтар шілде айының үздік спортшысына дауыс беруді бастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Ұлттық Олимпиадалық комитетіне сілтеме жасап.

«Қазақстан спортшылары әрай сайын әлемдік жарыстарда топ жарып, еліміздің көк Туын биікте желбіретуде.Әлем кубогі кезеңдері мен әлем біріншіліктері, сондай-ақ Гран-при турнирлерімен халықаралық жарыстардан ел спортшыларының қоржыны бос қайтқан емес. АлОлимпиада қарсаңындағы маусымда әрбір жүлденің маңызы зор екені айтпаса датүсінікті. Осы орайда, Olympic.kz жанкүйерлерді әр айдың үздік спортшысынанықтауға шақырады. Бүгін «Шілде айының үздік спортшысына» дауыс беру басталады», - деп жазылған комитеттің ресми сайтында.

Қазақстандықтар жүзуден Олимпиадачемпионы Дмитрий Баландинге, дзюдошылар Елдос Сметов пен Отгонцэцэг Галбадрахқа,каратэші Андрей Актауовқа және таеквондошы Руслан Жапаровқа дауыс бере алады.

Айта кетейік, «Маусым айыныңүздік спортшысы» атағын каратэші Дархан Асаділов жеңіпалған болатын.

Дмитрий Баландин, жүзу

Рио Олимпиадасыныңчемпионы Дмитрий Баландин Квандждуа өткен әлем чемпионатын жетінші орынменаяқтады. Ол 100 және 200 метрге брасс әдісімен жүзуден финалғажолдама алып, екі бәсекеде де жетінші сатыға табан тіреді. 100 метрге брассәдісімен жүзуде Баландин 59.03 секундты тіркеп, ел рекордын жаңартты,сондай-ақ, Токио Олимпиадасына жолдама ұтып алды. Ал өзінің оң жамбасына сайкелетін 200 метрге брасс әдісімен жүзуден финалда сынға түсті. Дмитрий Баландиналғашқы Олимпиада жолдамасын көктемде иеленген болатын.

Елдос Сметов, дзюдо

Дзюдодан Қазақстанкомандасының көшбасшысы жарақатынан айығып, ірі жарыстарда жүлде сала бастады. Биылғымаусымда бірнеше рет жеңіс тұғырынан көрінген ол Будапештте өткен Гран-притурнирінде де қарсылас шыдатқан жоқ. 60 келі салмақта сынға түскен Сметов 2014жылғы әлем чемпионы, моңғолиялық Ганбат Болдбаатарды «иппон» ұпайымен жеңіп,алтын медаль иеленді. Сондай-ақ, IJF рейтингінде үздік бестікке енді.

Андрей Актауов, карате

Шілде айында каратеден рейтингілік Азия чемпионаты өтті.Құрлық додасынан Қазақстан спортшылары үш медальмен оралды. Оның ішінде алтынжүлдені 55 келіде сынға түскен Андрей Актауов иеленген болатын. 2014 жылғы Азияойындарының жеңімпазы Ташкент төрінде Камбоджа, Иран, Малайзия және СаудАрабиясы спортшыларынан басым түсті. Финалда Актауов өзінің ежелгі қарсыласы,саудиялық Әлшарби Абдулланы ұтып, ел Әнұранын шырқатты.

Руслан Жапаров, таеквондо

Таеквондодан командаүздіктерінің бірі Руслан Жапаров үшін биылғы маусым жақсы өтуде. Олтүрлі халықаралық турнирлерде рейтингілік ұпай жинап, жүлдегерлер қатарынанкөрініп жүр. Шілде айында Оңтүстік Кореяда өткен жарыста Жапаров 87 келіденжоғары салмақта сынға түсіп, күміс жүлдегер атанды. Бүгінде ол әлемдікрейтингте 15-ші, олимпиадалық рейтингте 19-шы орында тұр.

Отгонцэцэг Галбадрах,дзюдо

Дзюдодан Қазақстан әйелдеркомандасының үздігі араға біраз уақыт салып татамиге қайта оралды. ОлЗагребте өткен әлемдік Гран-при турнирінде топ жарды. 48 келіде белдескенОтгонцэцэг финалда франциялық Мелани Клементті жеңіп, турнир жеңімпазы атанды.Осыдан соң, қазақстандық спортшы рейтингте жоғарылап, алтыншы сатығатұрақтады. Сіз өз даусыңызды Olympic.kz сайтының негізгі бетіне қалдырааласыз. Дауыс беру 7 тамыз күні Нұр-Сұлтан уақытымен 13.00-де аяқталады.

Соңғы жаңалықтар