«Кешке жақсы нәтижеге қол жеткіздім, алайда бұдан да жақсы көрсеткішке қол жеткізгенімді қалаймын. Мұндай уақытта бастау қиын, сондықтан өзімнің жақсы көрсеткішімді көрсете алмай жүрмін. Шағын тапсырма орындалды: финалға жолдама алдым, финалда кез келген жайт болуы мүмкін. Алайда жеңіске жетуге барымды саламын. Судан шыққаннан кейінгі әсерді сөзбен жеткізу мүмкін емес», - деді ол.
Дмитрий Баландин 1995 жылы Алматыда дүниеге келген. Ол - 2014 жылы Оңтүстік Кореяның Инчхон қаласында өткен Азия ойындарының үш дүркін чемпионы, 2015 жылғы Кванджудағы жазғы Универсиада чемпионы. Брасс әдісі бойынша жүзудің шебері, Қазақстан рекордының иегері.