Дмитрий Баландин Түркия турнирінде «күміс» алды

ЫСТАНБҰЛ. ҚазАқпарат - Түркияның Ыстанбұл қаласында жүзуден ересектер мен жастар арасында ашық халықаралық турнир өтіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Бұл, қазақстандық спортшылардың Олимпиада алдындағы оқу-жаттығу жиындары аясындағы жарысы.

Оның нәтижесі бойынша Қазақстан құрамасы төрт медаль жеңіп алды.

Атап айтқанда, 100 м қашықтықта «баттерфлай» әдісімен жүзу бойынша Әділбек Мусин топ жарды. Дмитрий Баландин 50 м дистанцияда күміске ие болды. Ал Әділ Қасқабай еркін стильде 100 м қашықтықта жүзу бойынша төртінші орыннан көрінді.

Әйелдер арасында брасс бойынша 50 метрді Аделина Пчелинцева бірінші болып жүзіп өттті. Анастасия Резванцев 200 м қашықтықта екінші орынға жайғасты. Айта кетерлігі, аталған жарыс 21 наурызға дейін жалғасады.