Дмитрий Малахов Жоғары сот кеңесінің төрағасы лауазымына тағайындалды

Фото: Фото: Қазақстан Республикасы Қаржы мониторингі агенттігі

АСТАНА. KAZINFORM - Мемлекет басшысының Жарлығымен Дмитрий Михайлович Малахов Қазақстан Республикасы Жоғары сот кеңесінің төрағасы лауазымына тағайындалды. 

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлім етті. 

Бұған дейін Мемлекет басшысының Денис Шиппті Жоғары сот кеңесінің төрағасы лауазымынан босатқанын жазған едік.